Жобаның құны инфрақұрылымын қоса есептегенде 150 млн. АҚШ долларын құрайды. Қазақстандық компанияның бас директоры Владимир Куропатенконың атап өтуінше, зауыт құрылысы 2012 жылы толығымен аяқталып, сол жылы 3 ұшақ, ал 2013 жылы - 8, 2014 жылы 12 ұшақ шығаратын болады. Ұшақтар ішкі рейстерде жолаушыларды тасымалдауға арналады.
Аталған форум барысында сөз сөйлеген Украина Премьер-Министрі Николай Азаровтың айтуынша, ұшақтар бәсекеге қабілетті. Сонымен қатар шетелдік ұшақтарға қарағанда бағасы біршама арзан әрі Қазақстан әуежайларына бейімделген.