Тараптар қазақ-британ қатынастарының қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ сауда-экономикалық салада жоспарланған іс-шараларды талқылады.
Сұхбат барысында білім, энергетика, көлік, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, орнықты даму және климат күн тәртібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қолдауға өзара мүдделілік білдірді.
Айта кетейік, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ГФР Экономика және энергетика министрімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.