«Жақында Лондонда қабылданған қазба минералдарға қатысты Жол картасын ескеріп, маңызды шикізат ресурстары, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту және жасыл энергия салаларында озық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырдық. Сонымен қатар, ғаламдық сын-қатерлерді еңсеру, соның ішінде климаттың өзгеруіне қарсы, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын тиімді басқару сияқты бағыттарда бірлесе жұмыс атқаруға келістік. Өз кезегімізде, Лондонмен сауда және инвестициялық байланыстарымызды кеңейтуге мүдделі екенімізді тағы да растадық», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу.
Ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы жаңа саяси және экономикалық реформаларын қолдағаны үшін британия Үкіметіне алғысын білдірді.