Аталмыш құжат қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту мақсатында екіжақты байланысты кеңейтуге ықпал етеді.
Айта кетейік, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қорғаныс министрлігімен әскери ынтымақтастық 1996 жылдан бастап екіжақты әскери ынтымақтастықтың жыл сайынғы жоспары бойынша жүргізіліп келеді.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыты - «Қазбриг» әскери қызметшілеріне британдық әскери консультативтік-жаттықтыру тобы нұсқаушыларының «Дала қыраны» оқу-жаттығуы мен тренингтердің өткізілуін қамтитын бітімгершілік дайындық болып табылады.
Одан басқа, Ұлыбританияның әскери оқу орындарында қазақстандық кадрларды даярлау және әскери білім беру саласындағы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда.