Қазақстан мен Ұлыбритания ғалымдары «жасыл экономиканы» енгізу бойынша жобаларды таныстырды
21-23 тамыз аралығында Назарбаев Университетінде «Энергия-Азық-түлік-Су өзара байланысы: Қазақстан мен Ұлыбританиядағы «жасыл экономикаға» өту бойынша ықпалдасқан әдіс» семинары өтіп жатыр. Іс-шараны ұйымдастыруға бастама білдірген Назарбаев Университеті мен Шеффилда Университеті (Ұлыбритания). Семинар «Ньютон-Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Pm.kz.
«Біз семинарды Шеффилд университетімен бірлесіп жүргізіп жатырмыз. Ол энергетикалық, өндірістік және су секторы саласын жасыл экономикаға өту деңгейінде қарастырылады. Ғалымдар өз университеттерінде айналысатын зерттеулерін таныстырады. Семинарға Қазақстан мен Ұлыбританияның 50 ғалымы, Кембридж, Абердина, Бас, Шеффилд. Қазақстандық ЖОО- ҚазҰЗУ, КБТу және тағы басқалары бар. Семинар аясында қатысушылардың бағыттар бойынша жұмыс тобы құрылады: климаттық өзгеру, баршаға арналған энергетика, су ресурстары, тұрақты даму. Бұл жұмыс аясында үкімет пен ғылыми ұйымдар үшін ұсыныстар әзірленетін болады», - деді Назарбаев Университетінің әлеуметтік және гуманитарлық мектебінің «Экономика» кафедрасының ассистент-профессоры Жанна Қапсалямова.
Шеффилд университетінің өкілі Дора Фазекас айтқандай, Қазақстан бүгінде «жасыл экономика» жұмысында дұрыс бағытты таңдап отыр.
«Қазақстан қалдықтарын тастап, «жасыл» дамуға өтті. Меніңше, Қазақстанның БҰҰ саясатын ұстануы - дұрыс бағыт. Ұлыбритания бұл салада көш бастап отыр. Көптеген елдер Ұлыбританияның ізімен «жасыл экономикаға» бағыт алып жатыр», - деді ол.
Оның айтуынша, Ұлыбритания тәжірибесі Қазақстан үшін өте қымбат, себебі еуропалық ел баламалы энергия көздері бойынша алға озып кетті.
Баламалы энергия көздерін зерттеу мен әзірлеуге инвестиция құю әлем бойынша 2015 жылы 380 млрд доларды құраған болатын.