Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық ынтымақтастыққа бейімділігін растады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британдық тараптың бастамасымен Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Кристофер Пинчермен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР СІМ-нен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрбритандық саясаткерді оның жақында болған тағайындалуымен құттықтап, британдықҮкімет пен Сыртқы істер министрлігінің жаңа басшылығымен конструктивтіқарым-қатынастардың одан әрі дамуына қызығушылықты атап өтті.

«Тараптар екімемлекет арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен кеңейтуге өзара қызығушылықты растап, алдағы мерзімде жоғарыдеңгейдегі өзара сапарлар мен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жоспарлардықарастырды. Атап айтқанда, күзде Сыртқы істер министрлері деңгейіндегістратегиялық диалогтың және Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырыстары, сондай-ақ биылғы. қазанда Лондонда «KazakhstanGlobal Investment Forum - 2019» инвестициялық форумы жоспарлануда», - делінгенведомство ақпаратында.

Сондай-ақ екіжақтыынтымақтастықтың экономикалық тұсын нығайту, қаржы және логистика салаларындағы серіктестіктікеңейту үшін Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін және «Астана»Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін барынша тиімді қолдану қажеттігінатап өтті.

Мәдени-гуманитарлықжәне білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде қазақстандық жастар үшінҰлыбританияның жоғары және орта оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерінарттыру, сондай-ақекі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту маңыздылығы айтылды.

Ұлыбританиятауар айналымы бойынша Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің ондығынакіреді. 2018 жылы екіжақты сауда 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар,Ұлыбритания Қазақстанның алты ең ірі инвесторлары қатарына кіреді. 2005-2018 жылдары тікелей шетел инвестицияларының көлемі 13 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанда британдыққатысумен 800-ден аса компания тіркелген. Ағымдағы жылы Қазақстанға ҰлыбританияСыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттікминистрі Алан Данкан және Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойыншасауда уәкілі Баронесса Эмма Николсон сапармен келіп кетті.

Соңғы жаңалықтар