Келісімге Вьетнамның Премьер-Министрі Нгуен Тан Зуңтың Қазақстанға ресми сапары шеңберінде 2009 жылы 15 қыркүйекте Астана қаласында қол қойылған.
Келісімнің мақсаты инвесторларға қолданыстағы заңнамада көзделгеннен тыс қосымша кепілдіктерді қамтамасыз ету арқылы өзара инвестицияларға қатысты инвестициялық ахуалды жақсарту болып табылады. Бұл ретте келісім салық салуға, мемлекеттік сатып алуға, уағдаласушы тарап берген субсидияларға немесе гранттарға қолданылмайды.
Бұдан бөлек, құжат инвесторларды қолдау және өзара қорғау үшін қолайлы құқықтық шарттар құруға, инвестициялық климатты жақсартуға және екі ел арасындағы қолайлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісім экспроприация, ұлттандыру, инвесторға өтемақы төлеу және дауларды шешуге қатысты нормаларды қарастырады. Сонымен бірге, заң Тараптар арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылған халықаралық төрелік соттарды қалыптастыру рәсімін егжей-тегжейлі реттейтін ережелерді қамтиды.