Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда көлемі 3,5 есеге артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымының көлемі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 610,9 млн долларды құрады және былтырғы бірінші жартыжылдыққа қатысты 3,5 есеге - 174,7 млн долларға дейін ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бұл ретте, Қазақстаннан экспорт көлемі 4,7 есеге - 24,6 млн доллардан 117,7 миллионға дейін өсті. Импорт көлемі 3,3 есеге - 150,1 млн доллардан 494,2 миллионға дейін өсті.

«Биыл Қазақстаннан Вьетнамға экспорттың негізгі көлемі мырышқа тиесілі болды - жеткізу көлемі 83,4 млн доллар немесе жалпы отандық экспорттың 71,5%-ін құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде Қазақстаннан Вьетнамға мырыш жеткізілмегенін атап кеткен жөн. Экспорт көлемі бойынша екінші орында тазартылған қорғасын орналасқан, оған барлық экспорттың 27,7%-і тиесілі. Қорғасын экспортының көлемі 32,3 млн долларды құрады және былтырғы көрсеткішке қатысты 5,2 есе өсті», - деп жазды ведомстводан.

Қазақстаннан темірден немесе тазартылмаған болаттан, асбесттен, темекіден, парашюттерден, кендерден және сурьмиялық концентраттардан жасалған жалпақ илем экспорты толығымен тоқтады.

Вьетнамнан Қазақстанға импорт смартфондарды жеткізу есебінен 3,8 есеге – 67 млн-нан 254 млн долларға дейін ұлғайды. Мысалы, импорттағы смартфондардың үлесі 51,4%-ті құрайды. Сонымен қатар, түрлі-түсті бейне мониторларының жеткізілімдері айтарлықтай өсті - 59 мыңнан 71,2 млн долларға дейін (1200 есе), бұл жарты жылдағы барлық импорттың 14,4%-ін құрайды.

«Вьетнамнан әкелінген басқа да негізгі тауарлар: шаңсорғыштар - 17,2 млн долларға (11,7 млн- нан 46,9%-ке ұлғайды); құлаққаптар – 15,7 млн долларға (11,6 млн – нан 35,7%-ке ұлғайды); дауысты, суреттерді қабылдауға, түрлендіруге және жеткізуге немесе қалпына келтіруге арналған машиналар - 15,2 млн долларға (5,1 млн-нан 3 есе ұлғайды).

Дәрілік заттардың, белсендірілген көмірдің, тігін машиналарының және қорғасын аккумуляторларының импорты көлемінің төмендеуі байқалады», - делінген министрлік хабарламасында.

Қантты, басқа машиналарды, агрегаттарды және өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдықтарды, сондай-ақ шүберектерді (пайдаланылған немесе жаңа, тоқыма материалдарынан жасалған жіңішке жіптердің, баулардың, арқандардың немесе болатарқандардың бөліктері) жеткізу толығымен тоқтатылды.