Атап айтқанда, келіссөздердің қорытындысы бойынша карантин және өсімдікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы, әуе қатынасын ашу туралы екіжақты Үкіметаралық құжаттарға, сондай-ақ Астана мен Ханой қалалары арасындағы бауырластық қатынастарды орнату туралы, бұдан бөлек, Қазақстан Ұлттық банкі мен Вьетнам Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.
Айта кетейік, екі елдің 160-қа жуық кәсіпкерлерінің қатысуымен Қазақстан-Вьетнам бизнес-форумын өткізу жоспарланған. Оның аясында бірқатар екіжақты құжаттарды бекіту қарастырылуда. Келіссөздер барысында Мемлекет басшылары саяси өзара іс-қимыл мәселесін, сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда байланыстарды нығайту мәселесін талқылады.
«Менің өткен жылғы Вьетнамға сапарымда қол қойылған келісімдер және бүгін бекітілген құжаттар біздің халықтарды жақындастырады және ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында.