Құжат сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, атап айтқанда, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын арттыруға, стандарттау жөніндегі арнайы экономикалық аймақтар мен ведомстволар саласындағы өзара іс-қимылға, вьетнамдық ауыл шаруашылығы технологияларының трансфертіне, Алматы мен Хошимин, Ақтау және Дананг арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құруға бағытталған.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында $610,9 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе жоғары ($174,7 млн).
Қазақстаннан Вьетнамға экспорт 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында 4,7 есеге өсіп, 116,6 млн долларды құрады.