Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың кейбір өзекті мәселелері және оның кеңеюі мен даму перспективалары қаралды. Атап айтқанда, екі елдің экология, қоршаған ортаны қорғау, минералдық және табиғи ресурстардың өзге де түрлері, тау-кен өнеркәсібі салаларындағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы 11-22 қарашада Баку қаласында өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конференциясы (COP-29) шеңберіндегі ынтымақтастық тақырыбы қозғалды.
Сонымен қатар тараптар 2024 жылдың көктемінде Қазақстандағы ірі су тасқыны мен қыркүйектегі «Яги» тайфуны – Оңтүстік Шығыс Азияға соққан соңғы жылдардағы ең күшті дауыл, сондай-ақ осындай табиғи апаттар жағдайында жедел өзара іс-қимыл мен өзара көмек көрсетудің ықтимал жолдарын талқылады.
Қазақ дипломаты вьетнамдық министрге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері туралы, сондай-ақ ү.ж. 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жоспарланған жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті.
Министр Зюй «Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың ауқымдылығына, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде экологиялық электр станциясын салумен мультипликативтік әсер алатын атомды бейбіт мақсатта пайдалануды кеңейтуден күтілетін үлкен оң практикалық нәтижеге таң қалғанын» атап өтті.
Ол сондай-ақ: «Биылғы жыл 1959 жылы Вьетнамның Тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің Қазақстанға сапарының 65 жылдық мерейтойымен аталып өтті. Осы тұрғыда тарихи достық пен кооперацияны ескере отырып, ВСР Қазақстанның бастамаларын қолдайды, тәжірибе алмасуды, ынтымақтастық пен өзара көмекті жүзеге асыруды ынталандырады, сондай-ақ екі бауырлас мемлекеттер мен халықтар арасындағы екіжақты Қазақстан-Вьетнам қатынастарын тереңдетуге ұмтылуды жалғастырады», – деді.
Кездесу достық, ынтымақтастық және өзара құрмет атмосферасында өтті және өзара кооперацияны сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.