«Өз қызметін бастаған жылдардан бері «Nur Otan» партиясы Қазақстанның жетекші саяси күшіне айналды. Сіздердің партияларыңыз заманауи және қарқынды экономика құру, тұрақты әлеуметтік дамумен қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен ынтымақты нығайту сияқты кең ауқымды ұлттық міндеттерді шешуге белсене қатысуда. Осы бағыттардағы қол жеткізілген аса маңызды нәтижелер партияның лидері - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты халықтың қолдауының арқасында мүмкін болды»,-делінген құттақтауда.
Қазіргі уақытта Жапония мен Қазақстан арасында қалыптасқан кешенді стратегиялық әріптестікті тереңдетудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын партияаралық байланыстар жылдан-жылға дамып келеді.
«Біз «Нұр Отан» партиясымен өзара тиімді тығыз ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниеттіміз. «Nur Otan» партиясы Съезінің шешімі Қазақстанның тұрақты дамуына серпін беріп қана қоймай, халықтық партия жұмысының болашақ бағдарын да анықтайды деген сенімдемін»,-дейді жапониялық партияның Бас хатшысы.