Қазақстан Meta-мен бірге ЖИ мамандарын даярлайды

Фото: Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Meta-мен бірге ЖИ мамандарын әзірлейтін бағдарламаны іске қосады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Астана халықаралық форумының кулуарында айтты. 

Форум аясында ⁠Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Meta және Blockchain & AI Technology Centre компаниясының үштігі Meta LLaMA Accelerator Kazakhstan бағдарламасын әзірлеу туралы келісімшартқа қол қойды.

Бұл бастама Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы технологиялық әлеуетін паш етіп, LLM модел3н34 базасында open-source шешімдерді дамытуға арналған. Сол арқылы KazLLM жүйесенің базасында мемлекеттік сектор мен бизнестің шаруасын ширатып, стартаптарды дамытуға, акселерациялық бағдарламалар арқылы халықаралық деңгейдегі тәлімгерліктің өрісін кеңейтуге жол ашу көзделіп отыр.

— Бұл маңызды оқиға. Meta компаниясының акселерациялық бағдарламасын іске қосқалы отырмыз. Бағдарлама жасанды интеллект базасында жаһандық деңгейдегі ауқымға шыға алатын өнімдер мен жобалар жасайтын мамандарды оқытуға мүмкіндік береді. Ол үшін қажетті есептеу қуаты, суперкомпьютерлерге қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Meta-мен бірге осы жобасы іске асырсақ, күзде болатын Digital Bridge форумында алғашқы жеңімпаздар пайда болады деп үміттенеміз, — деді Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана халықаралық форумы өтіп жатыр