Қазақстан ММА турнирінде Өзбекстаннан реванш алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда ММА бойынша Octagon 34 турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екінші кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Әлішер Ғазиз (1-0) Өзбекстан спортшысы Асилбек Инамовпен (1-0) белдесті.

Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Ол Ғазиздің екінші раундта жеңіске жетуімен аяқталды.

Осылайша, Әлішер Ғазиз кәсіпқой мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Асилбек Инамов үшін бұл жеңіліс бірінші болды.

Еске салайық, осыған дейін Octagon 34 турнирінде қазақстандық Евгений Сурин (1-1) мен өзбекстандық Дониер Якубжонов (3-3) арасында жекпе-жек өтіп, онда Якубжонов қарсыласын екінші раундта тұншықтырып жеңген болатын.




Фото: sports.kz