Қазақстанда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 87,27 Мбит\с болғаны хабарланды. Speedtest Global Index дерегіне сәйкес, Қазақстан мобильді интернеттің орташа жылдамдығы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында болса, 72,52 Мбит/с жылдамдықпен Әзербайжан( 2)екінші, 55,78 Мбит\с жылдамдықпен Өзбекстан үшінші орында тұр. Мобильді интернеттің орташа жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте БАӘ 546,14 Мбит/с көрсеткішімен бірінші орында. Одан кейінгі орында 517,44 Мбит/с жылдамдықпен — Катар, үшінші орында 378,45 Мбит/с жылдамдықпен— Кувейт.
Алғашқы ондыққа Бахрейн (236,77 Мбит/с), Бразилия (228,89 Мбит/с), Болгария (224,46 Мбит/с), Оңтүстік Корея (218,06 Мбит/с), Қытай (201,67 Мбит/с), Сауд Арабиясы (198,39 Мбит/с) және Дания (196 Мбит/с) кіреді.
Рейтингтің соңында Эсватини (18,36 Мбит/с) — 101, Беларусь (17,97 Мбит/с) — 102, Боливия (13,192 Мбит/с) 103-орында.
Еске сала кетейік, Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте көрсеткішін жоғарылатты.