Қазақстан мұнай өндір­уді одан әрі төменде­ту бойынша консультацияларды жалғастыруд­а

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұнай өндіруші компаниялармен бірлесіп, ОПЕК+ алдындағы міндеттемелердің сақталуына мониторинг жүргізуді және мұнай өндір­уді одан әрі төменде­ту бойынша консультацияларды жалғастыруд­а, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сай, Қазақстанда соңғы уа­қытта әртүрлі себепт­ерге, оның ішінде эн­ергия көздеріндегі аварияларға, сондай-ақ кен орындарында ағ­ымдағы және күтілетін жоспарлы жөндеу жұ­мыстарына байланысты өндірудің төмендеуі байқалуда, бұл тұта­стай алғанда республиканың ОПЕК келісімі аясында өзіне қабылдаған міндеттемелерді сақтау жөніндегі ниеттерін іске асыруға ықпал етеді.

​«Бұл ретте, республика мұнай өндіруші компаниялармен бірлесіп, міндеттемелердің сақталуына мониторинг жүргізуді және өндір­уді одан әрі төменде­ту бойынша консультацияларды жалғастыруд­а» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан 2024 жылдың соңына дейін өндірілетін мұнай көлемін тәулігіне 78 мың тоннаға азайтатыны туралы жазған едік. Себебі ОПЕК келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруге қойылған шектеуді 2024 жылдың соңына дейін ұзартуға келіскен болатын.