«2 млн баррельге аздаған төмендеу бар. Барлығы 85,7 млн баррель негізі. Бірақ оның орны мұнай бағасының қымбаттығы есебінен толтырылады», - деді Әлібек Қуантыров.
Сондай-ақ, ол Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау не үшін қажет болғанын түсіндірді.
Министрдің айтуынша, нақтыланған бюджет жобасында зейнетақы мен жәрдемақы көлемін инфляцияға сай 9 пайыз мөлшерінде индекстеу көзделген.
«Біз инфляция деңгейін 8-10 пайыз көлемінде деп алдық. Сонда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері шамамен 9 пайыз индекстеледі», - деді министр.