Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 20 мың баррельге дейін қысқартады
01:30, 11 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанның мұнай өндіру көлемін тәулігіне 20 мың баррельге дейін қысқартатынын айтты, деп жазады Gazeta.ru.
«Иә, біз қысқартамыз. Тәулігіне 20 мың баррельге дейін»,-деді министр.
Министр сонымен қатар, мұнай өндіру көлемінің 2016 жылдың қараша айындағы көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде өзгеретіндігін айтты.
Осыған дейін мәлім болғанындай, ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 600 мың баррельге дейін қысқарту жөнінде келісімге келді. Мұндай шешім мемлекет өкілдерінің Венада болған кездесуінде қабылданды.
Кездесуге ОПЕК ұйымына мүше елдер мен өзге де ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің басшылары қатысты.