Қазақстан мұнай өндіруді төмендетуде ОПЕК шешімін қолдауды жалғастыра береді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұнай өндіруді төмендету бойынша ОПЕК шешіміне қолдауды жалғастыра береді. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік журналистермен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз ОПЕК-тің мұнай өндіруді төмендету бойынша ортақ пікіріне қосылдық. Қазақстан өндірісті 20 мың баррельге төмендетті. Дегенмен, Қашаған іске қосылғаннан кейін бұл мақсатқа жету бізге оңайға түскен жоқ. Бірақ біз пікірлестігімізді білдіріп отрымыз. Өйткені, бұл бағаға ықпал етеді. Мұнайдың орташа бағасы - барреліне 52-55 доллар. Бұл бізге де, барлығына да қолайлы. Себебі біздің бюджетіміз 40-45 долларға есептелген. Егер бұл позиция жұмыс істейтін болса, онда біз мұнан ары да баға бойынша осындай мүмкіншілікті ұстап тұру үшін өзге де мұнай өндіруші елдермен пікірлестігімізді қолдаймыз»,- деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар