АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 70 пайызы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарына тиесілі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында айтты.
— 2025 жылдың қорытындысы бойынша аталған үш кен орнында 69,4 миллион тонна мұнай өндірілген. Олардың жиынтық мұнай қоры 2,888 миллиард тоннаға бағаланады. Сонымен қатар бұл кен орындарындағы газ қоры 2,429 триллион текше метр, — делінген жауапта.
Теңіз кен орнында өндірісті ұлғайтуға бағытталған жоба іске қосылғаннан кейін мұнай өндіру көлемі жылына 12 миллион тоннаға артқан.
Ал еліміздегі басқа кен орындарында мұнай өндіру көлемінің жыл сайын төмендеуі байқалады.
Қазір Қазақстанда барлығы 190 мұнай кен орны игеріліп жатыр.
Айта кетелік Қазақстанның мұнай қоры қанша жылға жететіні туралы жазған едік.
Назерке Сүйіндік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ұлыбританиядағы Sussex университетінде магистр дәрежесін алған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің саясаттану мамандығы бойынша PhD докторанты. Бұған дейін BAQ.kz, Strategy2050.kz, QazaqTimes.kz секілді ақпараттық платформаларда жұмыс істеген. Қазір «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі. Халықаралық саясат, дипломатия, медиа, ақпараттық саясат және қоғамдық-саяси мәселелерді тұрақты түрде жазып келеді.