Қазақстан мұнайының Қара теңіз арқылы тасымалы тоқтаған жоқ – министрлік

Фото: kmg.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрлігі халықаралық БАҚ-тағы Путиннің жарлығы Қазақстан мұнайының Қара теңіз арқылы тасымалдануын тоқтатқаны туралы ақпарат бойынша мәлімет берді.

- Қазіргі таңда Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының теңіз порттары арқылы тасымалдау тоқтатылған жоқ, - деп жазылған ресми мәліметте.

Министрліктегілер бұл жерде әңгіме Усть-Луга портындағы жағдай туралы болып отырғанын айтады.

- Бұл портта қазір көлік инфрақұрылымын қорғауды арттыру үшін қосымша шаралар енгізілгеніне байланысты «ҚазТрансойл» АҚ «Невская трубопроводная компаниясы» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп жазады ведомство мамандары.

Бұл туралы Reuters-ке мәлімет берген дереккөз Қазақстан мұнайы ресейлік ереженің салдарынан Қара Теңіз арқылы экспортталмай қалуы мүмкін екенін айтқан.