"Мұнай өндіруде Қытайдың үлесі туралы әртүрлі сандар айтылады. 2010 жылы ол 22 пайызды құрады. Қытай компаниялары иелік ететін активтердің үлесі алдағы уақытта азаятын болады. Бұл кеніштердегі өнім өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты орын алмақ. Мәселен, "АқтөбеМұнайгаз" компаниясындағы келісімдерінің мерзімі 2017-жылы аяқталады", - дейді Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.
Оның айтуынша, елімізде шетелдік компаниялардың үлесіне мониторинг жүргізудің құқықтық әдістері бар. Заңда стратегиялық активтер қарастырылған. Қазақстан нарығында жұмыс жасайтын шетелдік компаниялар оны Үкіметтің келісімі мен шешімінсіз басқа компанияға сата алмайды. Табиғат пайдалану туралы заңда да активтерді сатып алуда мемлекеттің басым құқығы көрсетілген.
14:25, 26 Мамыр 2011
Қазақстан мұнайын өндірудегі Қытайдың үлесі былтыр 22 пайызды құрады - Сауат Мыңбаев
АЛМАТЫ. 26 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан нарығындағы тек Қытайдың ғана емес, кез-келген елдің компанияларының үлесіне мониторинг жүргізілуі қажет. Бұл жайында бүгін Алматыда өткен "Қазақстандағы шетелдік инвестициялар: тәжірибе, міндет және келешек" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.