"Қазақстан мұражайы" атты үш тілдегі интерактивті веб-сайттың ең үздік дизайнына байқау жарияланды

АЛМАТЫ. 7 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - British Council "Мұражайларды қайта құру" жобасы аясында "Қазақстан мұражайы" атты үш тілдегі интерактивті веб-сайттың ең үздік дизайнына байқау жариялады.

Қатысу тегін және 16 мен 40 жас аралығындағы барлық шығармашылық жеке топтарға есік ашық. Жобаны тапсырудағы соңғы мерзім 15-ші қыркүйек.

Жеңімпаздар 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен сайт жобасын жасау тобына кіруге жолдама алады.

Әділ қазылар алқасы жасалған жұмыстарды ерекшелігі, қазіргі заманға сай болуы, шеберлік деңгейі, жобаның тұжырымдамасына сай болуы, техникалық құралдарға сәйкес технологияларды қолдану және тағы басқа белгілері бойынша бағалайды.