Қазақстан мүшелік жарна ретінде МАГАТЭ-ге жыл сайын 300 мың еуро төлеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мүшелік жарна ретінде МАГАТЭ-ге жыл сайын 300 мың еуро төлеп келе жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин мәлім етті.

«Біз жылына 300 мыңға (еуро) жуық төлеудеміз. Онда мақсатты қаржы сомасы көрсетілген, МАГАТЭ бюджетін арттырмау туралы ереже қабылданды»,-деді Т. Жантикин.

Айта кетейік, 1993 жылдың желтоқсанында ядролық қаруы жоқ ел ретінде Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылуынан кейін, 1994 жылдың шілдесінде Қазақстан Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікпен Кепілдікті қолдану туралы келісімді бекітті. Келісім 1995 жылдың тамызында күшіне енді. Осы уақыттан бастап Қазақстанның барлық ядролық қызметі МАГАТЭ-нің кепілдігіне қойылды.