«Біз Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойы аясында 30 студентке қолдау көрсету игі жобасын қолға алған болатынбыз. Бұған дейін бірқатар облыста шәкірттерге білім грантын табыстадық. Мақсат – ел болашағы болған жастарымыздың толыққанды білім алуына көмектесу. Бүгін екі білім гранты Жаңаөзен қаласындағы қос шәкіртімізге бұйырып отыр. Алла Тағала білімдеріңді арттырып, ел игілігі жолында қызмет ете берулеріңе тілектеспін», - деп игі ниетін жеткізді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚМДБ білім грантын иеленген екі шәкірттің бірі Айдос Болатұлы – «Нұр-Мүбәрак» университетінің бірінші курс студенті, екіншісі Қуаныш Сайдолла – Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің екінші курс шәкірті.