Қазақстан мен Түркия - түбі бір, діні бір түркі тілдес бауырлас ел. Нұреттин Қорқыт асыл дініміз Исламның өркендеуіне қордың қосып жатқан сүбелі үлесін тілге тиек етті. Еліміздегі 4 медресе мен имамдардың білімін жетілдіру Ислам Институтының жүйелі жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді.
Бас мүфти түрік бауырларымыздың сауапты істеріне алғысын білдіре келе, ел игілігі жолында жұмыла қызмет етіп, дін саласындағы ізгі істер жалғаса береріне сенім білдірді. «Дін насихаты - баршамызға ортақ іс. Ол үшін ең алдымен діни кадр мәселесін жолға қоюымыз қажет. Осы мақсатта ортақ іске мұрындық болуға шақырамын», - деді Ержан қажы Малғажыұлы.