Сайлау 17 желтоқсанда Астанада болған V құрылтайдың барысында өтті. Діни басқарманың жарғысы бойынша мешіттердің имамдары және мандатқа ие құрылтай делегаттары өз кандидатураларын ұсына алады.
«Мұсылмандар съезі бес жылда бір рет өтіп тұрады. Құрылтайға тек қазақстандық мешіттердің имамдары ғана емес, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия мұсылмандары қауымдастықтарының делегациялары да қатысты», деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек.
Әбсаттар қажы Дербісәлі 63 жаста, Қазақ КСР-де туған. Қазір Қазақстанның Бас мүфтийі, Орталық Азия Мүфтийлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының басшысы, Қазақстанның Жоғарғы ғылым мектебі академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, танымал шығыстанушы ғалым және дипломат. Бірінші санаттағы кеңесші дипломатиялық мәртебесіне ие. Ол Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағалығына 10 жыл бұрын сайланған болатын. 2005 жылы екінші мерзімге, биыл үшінші мерзімге сайланып отыр.