«Бельгияда Мысырдан келген адамнан «Омикрон» штаммының коронавирус инфекциясы жағдайының анықталғанын және Мысырдан келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасын тоқтатыла тұрады», - деді бірінші вице-министр.
Сонымен қатар Марат Шоранов Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген короновирус инфекциясы штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.
Бұған дейін бірінші вице-министр «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын байланысты осы жылғы 3 желтоқсаннан бастап елімізде бірқатар шектеу іс-шарасы енгізілетіндігін айтқан еді.