«Қазақстан 11-12 ақпанда Мюнхенде өткен Сирияны қолдаушы халықаралық топ (СҚХТ) қатысушыларының кездесуі қорытындыларын толығымен қолдайды.
Қоршаудағы аймақтарға гуманитарлық дәліздің ашылуы туралы шешімді және мемлекеттің барлық аймағындағы соғыс әрекеттерін тоқтату шарттарын бір апта ішінде анықтауды Сириядағы қақтығысты реттеудегі елеулі әрі үміттендіретін серпін және осы елдегі гуманитарлық апатты еңсеру жолындағы шешуші қадам ретінде қарастырастырамыз.
Қол жеткізілген уағдаластықтардың СҚХТ-ның барлық қатысушылары тарапынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарары рухында дәйекті және сөзсіз түрде жүзеге асырылуы Сириядағы қантөгістің ең жуық арада тоқтауына және елдегі қалыпты жағдайдың қайта орнауына ықпал ететіндігіне сенімдіміз», -делінген СІМ мәлімдемесінде.