Ондағы деректерге қарағанда, тауар айналымының өсуі байқалады.
«Қазақстандық тауарларды өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Ресей және Италия болып табылады. Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі болды.
Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты», — деп жазды ведомстводан.
Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3%-ды құрайды.
Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі - 32,1%.
Тауар нарықтарының саны 131 мемлекеттен 135 мемлекетке дейін өсті.