Астана қаласының халықаралық әуежайына сапарға шығатын азаматтар мен әуежай маңында тұратын елді мекендердің тұрғындары жол маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.
Аталған жол бойындағы жүктемені жеңілдету мақсатында Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын футбол матчына барарда қоғамдық көліктерді пайдалануға шақырады.
Футбол жанкүйерлері «Астана-Арена» стадионына № 10, 12, 27, 40, 43, 51, 55 қоғамдық көліктерімен қатынай алады.
Сондай-ақ, көрермендер үшін арнайы автобус-шаттлдары ұйымдастырылады. Сағат 19.00-де Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионы, «Қазақстан» спорт сарайы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық циркі, Жеңіс даңғылы бойындағы «Жастар» театры алдында арнайы қоғамдық көліктер жолаушыларды жинап алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Арнайы автобус-шатлдардың жол жүру құны қоғамдық көліктердің бағасымен бірдей болып келеді. Жол жүру билеті жарамсыз.
Ойын аяқталғаннан кейін «Астана-Арена» стадионынан автобус-шаттлдары мен № 10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 55, 61 қоғамдық көліктерімен қайтуға болады.
Елордалық полицейлердің айтуынша, бұрын өткізілген шараларға сәйкес жанкүйерлердің қоғамдық көліктерді пайдаланғаны тиімді екені дәлелденді.