Қазақстан-Нидерланды матчына билеттерді онлайн сату басталды
17:36, 02 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан және Нидерланды құрамаларының арасында ЕУРО-2016 квалификациясы ойынына билеттерді онлайн сату басталды.
ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, билеттерді «Тикетон» жүйесінде ( www.ticketon.kz ) сатып алуға болады. Билеттердің бағалары - 2000 теңгеден 10000 теңгеге дейін. Бірінші санаттағы орындардың (жұмсақ орындар) бағасы - 20000 теңге.
Еске сала кетейік, ойын 10 қазан күні «Астана Арена» спорт кешенінің алаңында өтеді. Басталуы: сағат 22:00-де.