Бұл тізімде Қазақстан әйелдер құрамасы 113-орыннан 97-орынға көтерілді. Осылайша футболшыларымыз үздік 100 құраманың қатарына енді.
Еске салсақ, бұған дейін футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін бастағанын жазғанбыз. Алғашқы ойынды Арменияға қарсы өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті.
Өкінішке қарай екінші ойында құрама футболшылары Беларусь футболшыларынан жеңіліп қалды.