Оның атап өтуінше, өткен жылы елімізде тіркелген нотариустардың саны артқан. Бүгінде республикада 3 мыңнан астам нотарисус жұмыс істеуде. Ал 2012 жылы олардың саны 2828 болатын. Сондай-ақ Қазақстанда 4341 адвокат бар.
«Бізде нотаруистарға қатысты төлем көлемі Үкімет қаулысымен нақты анықталған. Нотариат қызметтері бойынша бірыңғай тариф бекітілген және еліміздегі барлық нотариустар осы тарифтерге сәйкес жұмыс істейді», - деді З.Баймолдина.
Вице-министрдің атап өтуінше, нұсқаулыққа сәйкес барлық нотариустар аталған тарифтерді өздерінің нотариалды кеңселерінде көрнекті жерге іліп қоюға міндетті.
«Адвокаттар қызметі төлеміне қатысты айтар болсам, егер Азаматтық іс жүргізу кодексін алып қарар болсақ, онда төлем клиентпен жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Аталмыш кодекске сәйкес адвокаттар төлемі клиенттің пайдасына өндірілетін соманың 10 пайызынан аспауы тиіс», - деді ол.