29–30 қыркүйек күндері Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымының Статистика жөніндегі комиссиясының (OIC-StatCom) 15-сессиясы өтеді.
Қазақстанның Бюро төрағасының орынбасары лауазымына сайлануы еліміздің ресми статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын және Комиссияға мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген сенімін көрсетеді.
Vice-Chair ретінде Қазақстан Комиссия Бюросының жұмысына, оның ішінде қызметтің басым бағыттарын талқылауға, ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және ресми статистика саласында тәжірибе алмасуға қатысады. Бұл лауазым Қазақстанның халықаралық статистикалық ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибемен алмасу және ресми статистика саласында заманауи тәсілдерді ілгерілету мүмкіндіктерін кеңейтеді.
OIC-StatCom 15-сессиясы аясында статистиканы дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде ИЫҰ-ның 2026–2035 жылдарға арналған болашақ Іс-қимыл бағдарламасын мониторингтеу, халық және тұрғын үй статистикасын жаңғырту, 2025 жылғы Ұлттық шоттар жүйесін енгізу, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарының көрсеткіштерін мониторингтеу мәселелері талқылануда.
Осыған дейін Қазақстан мен Корея статистикада жасанды интеллект пен Big Data-ны бірге дамытатыны туралы жаздық.