Қазақстан өкілі Жібек жолы идеяларын жүзеге асыру комитетін құру туралы ұсыныс жасады
«Көп жұмыс жасалған, алайда алдымызда атқарылатын міндет әлі көп. Біріктіретін орталық әлі жоқ. Мүмкін, біздің ұсыныстарымыз таратылып, дамуы үшін Жібек жолы идеяларын жүзеге асыру комитетін немесе сол сынды ұйым құру қажет болар», - деді ол «Байланыстылық: жаңа талаптар мен жаңа көзқарас» пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, Жібек жолының Экономикалық белдеуін жандандыру идеясын алғаш рет ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің дәл Астанада ұсынғаны айтулы оқиға болып табылады. «Бұл идеяға бізде (ҚР-да - ред.) үлкен құрметпен қарап және соңғы екі жылда біздің баспасөзде кеңінен жарияланып отыр», - деп атап өтті ол.
«Бір ай бұрын Қазақстанға Шэньси провинциясының делегациясы келген. Олар таяу уақытта Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатын Тараз қаласында тоқтайды. Келесі жылы Қазақстанда қонақүй пойызын іске қосу жоспарланып отыр. «Қорғас- Алматы-Тараз-Шымкент-Түркістан-Қызылорда-Байқоңыр» бағдарымен жүретін бұл туристік пойыз бүкіл Қазақстан арқылы жүріп, міндетті түрде Астанаға соғады», - деп еске салды С.Малдыбаев.
Еске сала кетейік, «Бір белдеу, бір жол» бойындағы БАҚ ынтымақтастығы форумының ұйымдастырушысы ретінде Қытай Компартиясының «Жэньминь жибао» медиақұрылымы шыққан. Шараға 59 елден 155 медиақұрылым, сондай-ақ БҰҰ тілшілер қауымдастығы, ҚХР коммерциясының вице-министрі, Хэнань (Го Гэнмао), Шэньси (Чжан Чжэнюн), Ганьсу (Ван Саньюнь), Ланьчжоу қаласы (Юй Хайянь), Шаньдун провинциясының Циндао қаласы (Ли Цюнь), Лоян қаласы (Чэнь Сюефэн) партия комитеттерінің хатшылары, Қытайдың Цзянсу, Гуандун провинциялары және тағы басқа аймақтарының атқарушы органдарының, қытайлық банктер, бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форумның ашылуында құрметті шетелдік қонақтардың арасында алғашқылардың бірі болып «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Дәурен Дияров сөз сөйледі.