GOBankingRates халықаралық агенттігі өмір сүру үшін ең арзан елдердің тізімін құрастырды. Күтпеген жерден біздің елімізге бұл рейтингтегі 5-ші орын бұйырды.
«Бесінші орын, Қазақстан. Ресей және Қытаймен шекаралас. Мұнай, көмір, темір кені сияқты елдің табиғи ресурстарының арқасында экономикасы дамып келеді. Азық-түлік және тұтынушылық тауарлардың құны рейтингтегі өзге елдердің көпшілігімен салыстырғанда төмендеу», - делінген материалда.
Төртінші орын. Сауд Арабиясы. Үшінші орын - Косово. Екінші орын - Үндістан. Рейтингтің көш басында Оңтүстік Африка Республикасы тұр. Жұмыс істейтін және зейнетке шыққандар үшін ең арзан ел. Ең соңғы, 50-ші орынды агенттік Белоруссияға берді. Украина 24-орында болса, Ресей 39-орында.