Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлем елдерінің арасында 70-ші орында тұр

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша жыл сайынғы Human Progress Index (HPI) рейтингінде 196 елдің арасында 70-ші орынға тұрақтады.

Адам даму индексі (HPI) 2025 жылғы адамның өмір сүру сапасымен қатар, өмір сүру ұзақтығы, білім беру деңгейі, жан басына шаққандағы кіріс, саяси тұрақтылық, дамуға деген мүмкіндік сияқты кең ауқымды салаларды қамтиды.

Талдау тұрақтылық, қанағаттану деңгейі мен теңгерімділік сияқты басты үш шешуші бағыттар бойынша жүргізілді. Олардың әрқайсысы 100 балдық шкала бойынша бағаланды.

Көшбасшы Швейцария болды, одан кейін Норвегия мен Исландия тұр. Алғашы ондыққа Гонконг, Швеция, Дания, Германия, Ирландия, Сингапур мен Австралия кірді.

Қазақстан 79.32 балмен «өмір сапасы өте жоғары» санатқа кірді.

Осыған дейін кейінгі жылдары елімізде адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы артқаны туралы жаздық.