Бүгінде федерация 45 халықаралық, 48 республикалық және 98 жасөспірімдер турнирлерін өткізді.
«Біз Азия теннис федерациясы мен Халықаралық теннис федерациясы аясында кәсіби деңгейдегі, сондай-ақ жасөспірімдер турнирлерін өткізуді жалғастырамыз. Осы спорттық жарыстарды өткізудің ауқымын кеңейтпекпіз және осы шараларға өңірлерді қамтитын боламыз. Халықаралық турнирлер осыған дейін Өскемен мен Ақтөбеде өткенін білесіздер»,-деді атқарушы директор.
Бұдан бөлек Д. Досқараев ҚТФ тарапы бапкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыратындығын атап өтті. Бұл бағытта арнайы бағдарламалар мен семинарлар ұйымдастырылмақ.