«Вакциналау тақырыбына тоқталсақ, Қазақстанда 1 790 356 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны – 722 504. Бүгінгі таңда аймақтарда 798 мың дозадан астам вакцина бар», - деді М. Смағұл.
Оның айтуынша, қажеттілікті ескере отырып, егу пунктерінің артып келеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. https://kaz.inform.kz/news/koronavirus-soltustik-kazakstan-zhasyldan-sary-aymakka-otti_a3787755
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.