Қазақстан өңірлерінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 ақпан күні ҚР территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің тек батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда Түркістан облысының солтүстігінде, тау және таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел болады, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман болады. Тау және таулы аудандарында желдің күші 17-22 м/с құрайды. Алакөл ауданында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының батысында және орталығында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман, күндіз батысында 17-22 м/с жел күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болжанады. Көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында жаяу бұрқасын болады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с артады, епкіні 25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында тұман болады. Күндіз өңірдің орталығында, оңтүстік-шығысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі, облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с артады.