Атап айтқанда, 2 желтоқсан күні сағат 22.00-де Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында орналасқан жекеменшік үй өртенді. Өрт сөндіру қызметі шақырылмады. Оқиға орнында 6 және 3 жастардағы екі баланың мәйіттері табылды.
Кеше сағат 08.54-те Петропавл қаласындағы жер үйде шыққан өрт екі сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Онымен күрес кезінде 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
СҚО Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында кеше сағат 11.24-те тұрғын үй өртене бастады. СҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің (4 адам мен 1 техника) күшімен жалын екі жарым сағаттан кейін ауыздықталды. Өрт орнында 53 жастағы әйел мен туған жылы анықталмаған ер адамның денелері табылды.
Сондай-ақ 3 қаңтар күні сағат 07.59-да Шымкент қаласында жекеменшік тұрғын үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер шақырылған жоқ. Жалынмен күрес барысында 39 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, сондай-ақ 40-45 жас шамасындағы бір әйел ауруханаға жеткізілді, жеке тұлғасы әзірге анықталған жоқ.
Кеше сағат 18.16-да Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы тұрғын үйде басталған өрт екі сағаттан кейін сөндірілді. Оқиға болған жерде 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.