Қазақстан өңірлерінің жартысына жуығында тас жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазавтожол елдегі жабылған жолдар туралы ақпаратты жаңартты. 1 қаңтар күнгі 12:35-те ауа райы жағдайының нашарлауынан (қар, бұрқасын) Астана қаласынан барлық бағытқа барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.

Ақмола облысында 01.01. 6:30-дан бері ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, қар, көрінудің нашарлауы)  «Көкшетау-Атбасар» (4-184 шақырым),  «Екатеринбург-Алматы» (1247-917 шақырым, Астана-Жақсы кенті) автожолдарында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтады.1 қаңтар таңғы 07-00-де ауа райының нашарлауынан (бұрқасын, қар, көру мүмкіншілігінің шектелуі) «Астана-Петропавл» (18-230 шақырым,Астана-Щучье) автожолы жабылды. 1қаңтар күні 09-00-ден ауа райының қолайсыздығынан (күшті жел, қар, бұрқасын, көрудің нашарлауы) «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырымдар, Қостанай облысы мен СҚО шекарасы) автожолы жабық. 1 қаңтар 12-30-дан бері  ауа райына байланысты (күшті жел, қар, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі)  «Екатеринбург-Алматы» (1280-1353 шақырымдар, Астана-Қарағанды облысының шекарасы), «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 шақырымдар, Астана - Павлодар облысының шекарасы),  «Астана-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 шақырымдар, Астана-Қарағанды облысының шекарасы),  «Астана-Қорғалжын» (19-169 шақырым, Астана- Қорғалжын) автожолдары жабық тұр. 

Алматы облысында: 31 желтоқсан күні 16:30-да ауа райының нашарлауынан (бұрқасын, көрудің нашарлауынан) республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» (83-184 шақырымдар) автожолы жабылды. 1 қаңтар күні 11:50-де қатты бұрқасыннан республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен»  (973-1048 шақырымдар, Қалбатау-Ұлан) автожолы жабылды. 1 қаңтар күні 13:50-де республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымдарында (Павлодар шекарасы-Семей) қозғалыс тоқтады. 1 қаңтар күні 14:00-де ауа райына байланысты (бұрқасын, көрудің нашарлауы) облыстық маңызы бар  «Күршім-Қалжыр» (65-131 шақырымдар) автожолы жабық.

Қарағанды облысында: 1 қаңтар күні 12:00-де ауа райының жағдайының нашарлауынан (бұрқасын, көру мүмкіншілігінің шектелуі)  «Қызылорда-Павлодар» автожолында (970-1135 шақырымдар, Қарағанды-Павлодар облысы), «Алматы-Екатеринбург» (1051-1142 шақырым, Теміртау - Ақмола облысы шекарасы» барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтады.