Атап айтқанда, негізгі міндеттерге жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беру және оларды қайта атау мәселелерін келісу жөніндегі жаңа тармақ қосылды.
Сонымен қатар облыстық ономастика комиссиялары:
— Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді;
— Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөлiктерiне атау беру, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беруді және оларды қайта атауды келіседі.
Сондай-ақ Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ономастика комиссиялары:
— Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін — қаладағы аудандарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беруді және оларды қайта атауды келіседі.
Аталған бұйрық биыл 7 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін жекеменшік мектептер атауы ономастикалық комиссияның шешімімен берілетінін жазғанбыз.