«27-29 маусым күндері Қазақстанның оңтүстік облыстарында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Республиканың солтүстігі мен батысында салқын ауа ағындары жаңбыр әкеледі. Салқын ауа ағыны оңтүстікке қарай жылжуына байланысты Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендеуі мүмкін.