Үндістан қорғаныс министрі Раджнат Сингхпен өткен кездесу барысында бітімгерлік, жауынгерлік даярлық, киберқауіпсіздік, әскери білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Үндістан Премьер-Министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен өңірлік және жаһандық қауіпсіздік, қазіргі кезеңдегі қауіп-қатерлер, лаңкестікке, короновирус пандемиясына қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты пікір алмасты.
Сапар аясында генерал-лейтенант Н.Ермекбаев бірқатар әскери бөлімдерді аралап, ол жерде жауынгерлік даярлықтың, тактикалық іс-қимылдың, әскерді басқару тәсілдерінің ерекшеліктерімен танысты.