Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін арттырмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ОПЕК келісіміне қатысушы елдердің жинына Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты. Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.


Сурет: Alexander Klein/AFP/Getty Images