Қазақстан ОПЕК+ келісіміне адалдығын растайды және міндеттемелерін орындайды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі аясында серіктестерімен ынтымақтастықты жоғары бағалайды және бұл форматты әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды құрал деп санайды.
Осыған байланысты министрлік кейбір БАҚ-тарда елдегі мұнай өндірісін реттеу мүмкіндігі сыртқы қысымның нәтижесі ретінде берілген ақпараттарға түсініктеме беруді қажет деп санайды.
Министрлік мұндай мәлімдемелерді қатаң түрде жоққа шығарады.
- Қазақстан Республикасы ОПЕК+ келісіміне адалдығын растайды және жаһандық энергетикалық нарықтың тұрақтылығына өз үлесін қосып, қабылданған барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, - делінген хабарламада.
Осыған дейін ОПЕК+ «сегіздігі» маусымда мұнай өндіруді ұлғайтатыны туралы жаздық.