Осыған байланысты министрлік кейбір БАҚ-тарда елдегі мұнай өндірісін реттеу мүмкіндігі сыртқы қысымның нәтижесі ретінде берілген ақпараттарға түсініктеме беруді қажет деп санайды.
Министрлік мұндай мәлімдемелерді қатаң түрде жоққа шығарады.
- Қазақстан Республикасы ОПЕК келісіміне адалдығын растайды және жаһандық энергетикалық нарықтың тұрақтылығына өз үлесін қосып, қабылданған барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, - делінген хабарламада.
Осыған дейін ОПЕК «сегіздігі» маусымда мұнай өндіруді ұлғайтатыны туралы жаздық.