Қазақстан ОПЕК + министрлер жиынына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің келіссөздері 9 сәуірде бейнеконференция арқылы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындай отырып, әрдайым сындарлы диалогты қолдайды.

«Алдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенеміз», - деп хабарлайды минитсрліктен.

Бұл ретте әлемдік мұнай нарығында байқалатын теңгерімсіздік тек ОПЕК елдерінің ғана күш-жігері жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Қалыптасқан жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын қажет етеді.